Атырау, 22 қараша 15:29
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«Бекіре» кестеге сай өтеді

3 901 просмотра
Көрнекі сурет

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2020» балық қорғау акциясын бастау туралы бұйрығы шықты.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хабарламасына сәйкес, құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының негізгі күштері Каспий теңізінің жағалауы мен аумағына, Жайық пен Қиғаш өзендерінің сағаларына жұмылдырылады.

Сонымен қатар, баспасөз хабарламасында былтырғы «Бекіре-2019» науқанының нәтижелері айтылған. Табиғат қорғау заңнамасының талаптары бұзылған 1242 жағдай анықталды, оның ішінде Атырау облысында - 916, Маңғыстауда - 183 және Батыс Қазақстанда - 143. Құқық бұзған 78 адам қылмыстық, 913 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Заңсыз ауланған 15,6 тонна балық, оның ішінде 3 тонна бекіре, 4132 балық аулау құралдары және 130 жүзу және көлік құралдары тәркіленді.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 сәуір 2020, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.