Атырау, 19 наурыз 07:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Карантиндегі Атырау қандай

Сурет
10 305 просмотра


Атырау карантинге жабылғалы үш күн ішінде қалалықтардың өмірі күрт өзгерді. Мұнайлы астанада қазір тұрғындарға тек дүкен мен дәріханаға және жұмысқа шығуға рұқсат етілген. Ал аудандардан келетін тұрғындар үшін бүгін қала толығымен жабылды.

 «АЖ» тілшіcі» карантин кезіндегі қала өмірін объективтің көзімен көрсетуге тырысты.


Орталық Сәтбаев даңғылында бұрынғыдай толы кептеліс жоқ. Бұның бәрі кәсіпорындар мен білім ошақтарының 

қашықтан жұмыс жасауға көшкенімен байланысты екені белгілі.

Қ.Сәтбаев даңғылы

Қоғамдық көліктер де бұрынғыдай лық толы емес. Көпшілігі жолсеріксіз жұмыс жасауда. 


Автобустардың барлығы соңғы аялдамаларда әр рейс сайын залалсыздандыруда.  


Ал, супермаркеттерге бетпердесіз барсаңыз жұмысыңыз бітпей кері қайтуыңыз мүмкін. Мен барған «Лидер» супермаркетінің есігіне 

қолғапсыз, бетпердесіз кіруге болмайтындығы ескертіліп жазылған. 


Кассаға жақындаған тұтынушылардан 1,5 метр ара қашықтықты сақтау талап етіледі.  


Көптен далаға шықпаған адам «Көктем» сауда орталығының алдындағы тым-тырыс көрініске бой үретуі қиын. 

Есік алдында отыратын тұрақты қайыршылар да, таксистер де ғайып болған.  Тек азық-түлік павильоны жұмыс жасауда.


Ал "Сарайшық" коммуналдық базарында керісінше, тұрғындар көп жиналған. Көлік тұрағында аялдайтын орын жоқ.  


Бұл Дина базарының артқы жағы. Халық барынша арзан бағамен және бір айдың азық-түлігін бір сатып алуға тырысуда.


Құрманғазы көшесінің бойындағы «Отбасылық дәріханаға» келгендер, ішіне сыймай қалған. 


Бұл жерде тұтынушыларды кезекпен кіргізу режимі қойылған. Кезектің соңы далаға шығып жатыр. 

Олардың ара қашықтық сақтаған көрінісі сырттан қарағанда шахмат тақтасына ұқсайды.  


Мен кірген орталық көшедегі барлық дәріханалардың есігінде «антисептик жоқ», «перчатка жоқ», «масок нет – вообще нет» деп жазылған ескертпелер ілінген.  


Банктердің бірқатары келушілердің көптігіне байланысты орындықтарды сыртқа шығарып, даладан кезек күтуге мүмкіндік жасапты.  


Карантин ошағы деп танылған Нұрсая ықшам ауданындағы  №52 үйдің алдымен өттім. Полиция көрінбейді. 

Тұрғындар бұл үйге қалыпты жағдайда кіріп шығуда.


Covid-19 жұқтырғандармен байланыста болған медицина қызметкерлері карантинге алынып, оларға қала орталығындағы «Пекин» қонақ үйінде орналастырылған болатын. ПИК қызметкерінің айтуынша, бұған осы айналада тұратын тұрғындар қарсылық білдіріп, үрейленген. Олар жергілікті әкімдікке шағымданбақ екен.


Бұл ауладан жан иесі көрінбеді. Балалардың шулаған дауысы естілетін ойын алаңқайлары да тып-тыныш.   


Көшеде науқасқа асыққан жедел жәрдем көлігі мен хабарлама айтып жүрген полиция көліктерінің ғана дауысы естіледі.  



Исатай-Махамбет алаңынан ескерту жасап әрлі бері жүрген сарбаздарды ғана кездестіруге болады. 


Ал, аллеяларда мүлдем жан көрінбейді. Орындықтарға қонған көгершіндер «бізге нан қиқымын тастайтын адамдар қайда кеткен» деп үнсіз жоқтағандай.


Атыраулықтар #ҮйденШықпа челленджін  бірауыздан мақұлдап үйде отырғандай.


Ал көшеден тек жұмысы онлайн режимге көнбейтін көше сыпыратындарды ғана көруге болады.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор


2 сәуір 2020, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.