Атырау, 15 қазан 13:12
 дождьВ Атырау +20
$ 450.62
€ 504.20
₽ 5.36

Атырауда коронавирус инфекциясының ошақтары анықталды

7 511 рет қаралды


⠀
Қалада коронавирус инфекциясының 11 ошағы бар, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
⠀
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Атырау қаласында коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты қалада індеттің 11 ошағы тіркелді.
⠀
- Шманов көшесі 63;
- Яблочная көшесі 2;
- Ардагер ықшам ауданы 2;
- Ұзын-Арал көшесі 30;
- Каспий ықшам ауданы 19;
- Жұлдыз ықшам ауданы 19;
- Нұрсая 52;
- Маденов көшесі 15;
- Жазықбаев көшесі 20;
- Құрылысшылар көшесі 147;
- Вокзал маңы ықшам ауданы 5-8;
⠀
«Коронавирустық инфекция ошағы» бұл Covid-19 індетін жұқтырған Атырау қаласы тұрғындарының тұрғылықты мекен-жайлары. Қазіргі таңда осы 11 үйдің тұрғындары оқшауланған, ПЦР тестінің нәтижесі бойынша барлығының дені сау.
⠀
Тұрғындардың үйлері мен пәтерлеріне дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіпі жоқ.
⠀
Еске сала кетейік, індетті жұқтырған екі адам үйлеріне бармастан әуежайдан бірден оқшауланған болатын.

31 наурыз 2020, 19:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.