Атырау облысында коронавирустық инфекцияның бесінші жағдайы анықталды. Жергілікті тұрғынға жасалған коронавирусты анықтайтын тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгін, 28 наурызда, короновирус жұқтырған бесінші адам анықталды. Әйел карантинге оқшауланып, екінші облыстық ауруханаға жатқызылды.
Бұған дейін, Атырау облысында коронавирустық инфекцияның төрт жағдайы тіркелген болатын.