Атырау, 6 желтоқсан 10:35
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау облысында короновирус жұқтырған төртінші адам анықталды

4 168 рет қаралды


Ыстамбұл-Атырау рейсінің жолаушысынан короновируске тест оң нәтиже берді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 Бүгін, 28 наурызда індетті жұқтырған төртінші адам Ыстамбұлдан 27 наурызда келген рейс жолаушысынан  анықталды. 

Короновирус жұқтырған  31 жастағы әйелді бірден оқшаулап,  №2 облыстық ауруханаға жатқызды. 

Арнайы рейстің қалған 62 жолаушысы және экипаж мүшелері 14 күнге  карантинге жатқызылды. Олардың барлығына тест жасалып, теріс нәтиже көрсетті.


Өңірлік коммуникациялар қызметі


28 наурыз 2020, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.