Атырау, 23 қараша 02:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ыстамбұл – Атырау» бағытындағы арнайы рейсте кімдер болғаны белгілі болды

4 469 просмотра


Арнайы рейс бортында 63 жолаушы мен  6  экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

27 наурыз күні   Атырау  Халықаралық әуежайында   Ыстамбұл қаласынан арнайы рейс келіп қонды. Бортта  алты экипаж мүшесі мен 63 адам болған.
Коронавирус инфекциясы анықталған  1989 жылғы жолаушымен бірге өзге өңірлердің  тұрғындары да  ұшып келген .
Атап айтқанда, 57 жолаушының қатарында : Атырау облысының 30 тұрғыны , Көкшетау - 3, Орал -7, Қостанай - 2, Ақтөбе - 3, Шымкент - 5, Қызылорда - 1, Нұр-Сұлтан - 1, Қарағанды - 1, Жамбыл облысының - 2, Тараз -1, Ақтау қаласының  1 тұрғыны болған.
Қазіргі таңда  барлық 62 жолаушы карантинге жатқызылды. Олардан  коронавирустық инфекцияның бар-жоғы тексерілді, тест нәтижелері жуық арада жарияланатын болады.  Ал, инфекция анықталған  әйел №2  облыстық ауруханаға жатқызылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

28 наурыз 2020, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.