Атырау, 6 желтоқсан 13:36
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауға Ыстамбұлдан арнайы рейспен 65 жолаушы келеді

3 860 рет қаралды

Стамбулдан келетін жолаушылар тәулік бойғы  оқшаулау камерасына орналастырылады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 27 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де  «Стамбул-Атырау» чартерлік рейсімен 65 қазақстандық бар ұшақ келіп қонады. Жолаушылар келгеннен кейін бірден оқшауланған аймақтағы карантинге жіберілмек. Олардың барлығы  коронавирустық инфекцияны анықтайтын  жедел тексеруден өткізіледі. Тексеріс нәтижесі  6 сағаттан кейін анықталып, жолаушылар тәулік бойы оқшаулау аймағында болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі 

27 наурыз 2020, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.