Атырау, 25 сәуір 15:24
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Балалар үйден жаттығады"

3 753 просмотра

ҚР Президентінің Жарлығымен елдегі барлық спорттық іс-шараларға тыйым салынды. Ал төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жаттығу орындары жабылды. Физикалық бабын жоғалтпау үшін спортшылар немен айналысады? Мысалы, жүзушілер? Осы сұрақпен жүзу бойынша Атырау облысының бас бапкері Иван ГАЛКИНГЕ жүгіндік.

- Қазір балалар таңертең және кешке белгілі бір сағаттарда үйден оқиды. Мен оларды whatsap арқылы бақылаймын. Йогамен айналысады, жүзудің барлық тәсілдеріне арналған жаттығулар кешенін орындайды, бұлшықет тонусын сақтауға мүмкіндік беретін «статикалық-динамикалық» жаттығулар жасайды.

Аптасына бір рет теориялық сабақтар үшін таза ауада бас қосып, бір апталық жаттығулар тапсырмасын дайындауға және «физика» бойынша қол жеткен жетістіктерді тексереміз.

Біз төтенше жағдай туралы Шымкентке ірі республикалық «Көңілді дельфин» турнирінің бірінші кезеңіне пойызбен бара жатқанда, жолда білдік. Сол жерге жеткенде бассейн жабық болып, жарыс өтпейтін болды. Кері қайту билеті екі күннен кейін болатын. Осы уақытты пайдаланып, қонақ үйде бөлмелес жұптармен «құрлықта» жаттықтық. Жалпы, оқу-жаттығу жиындарын жақсы өткіздік. Бұл сапарымызды облыстық спорт басқармасының басшылығы төледі.

- Соңғы кездері атыраулық жас жүзушілер түрлі турнирлерде өте жақсы нәтижелер көрсетті. Мұның сыры неде?


- Өткен жылдың қазан айында облыстық құрамада жұмыс істей бастадым. Оның құрамында Ғизатов Диар, Қадырбай Альмира, Марат Анель, Кұтлымұрат Әлихан және Аманбай Арман болды. Мен қыркүйекте Волгоградтағы бапкерлік курста танысқан арнайы техниканы қолдана бастадым. Бұл әдістеме өзін ақтап шықты. Спортшылар нәтижелерін едәуір жақсартты, енді команда алдында кандидаттар мен спорт шеберлерінің нормативтерін, сондай-ақ халықаралық жарыстарға қатысу үшін нормативтер орындау міндеті тұр.

Республикалық жарыстарда 2019 жылдың қазан айының басынан бастап 2020 жылдың наурызына дейін біздің команда 37 алқа жеңіп алды, оның 19-ы алтын алқа екенін атап өткен артық болмайды.

Құраманың бас демеушісі Сәуле Ерниязова басқаратын «Еуропа» сауықтыру орталығы жаттығу үшін бассейн, күш жинау жаттығуларына арналған, «құрлықта» арнайы дайындалу үшін залдарын ұсынды.

Су спорты түрлері клубына да алғыс білдіреміз. Клуб команда жүзушілерінің дайындалуына барлық жағдай жасап отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


25 наурыз 2020, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.