Атырау, 21 желтоқсан 17:07
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» футбол клубы «демалысқа» кетті

4 329 просмотра


Футболдан Бірінші лигадағы Қазақстан чемпионаты, сондай-ақ Кубок ойыны Төтенше жағдай аяқталғанша кейінге қалдырылды. «Атырау» ФК Бірінші лигада қатысатын еді.

«Команда 12 наурызда Анталиядағы оқу-жаттығу жиынынан келіп, 16 наурызда өтетін ҚР Кубогы матчына дайындалу үшін Шымкент қаласына аттанды. Бірақ Қазақстанның кәсіби футбол лигасы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты бұл турнирді бастамауға шешім қабылдады, - дейді «Атырау» футбол клубының медиа-офицері Мерей КӨПЖАНОВ. - Қазір сәуірде басталуы тиіс Бірінші лигадағы Кубок пен чемпионаттың қашан басталатыны белгісіз. 15 сәуірге дейін ештеңе болмайды. Футбол командасына қазір демалыс. Екі ойыншыны қоспағанда, легионерлер үйлеріне кетті. Бапкерлер құрамы ойыншыларымыз үшін үй жағдайында жаттығатын жеке жаттығу кестесін әзірледі.

Ал Премьер-лигадағы чемпионат 7 наурызда басталды, бірақ екінші турда (15 наурызда) матчтар көрерменсіз өтті - бұл ҚКФЛ шешімі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 наурыз 2020, 19:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.