Атырау, 27 желтоқсан 06:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қырғызстан бюджетін қолдауға Ресей 25 млн. доллар бөледі

1 809 просмотра

Қырғызстан бюджетін қолдауға Ресей 25 млн. доллар бөлмекші. Бұл жөнінде Қырғызстанның Премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиев Талас облысына жұмыс сапары шеңберінде мәлім етті.

«Ресейден 25 млн. доллар Қырғызстан бюджетін қолдауға жұмсалады. Бұл жөнінде шешім қабылданды. Ақшаны біз 2012 жылдың соңына дейін аламыз деп күтудеміз», - деп хабарлады Ж.Сатыбалдиев.

Бұл ретте, Қырғызстанның қаржы министрі О.Лаврова халықаралық істер жөніндегі парламент комитетінің отырысында 2013 жылға арналған бюджетті талқылау кезінде Қырғызстан 25 млн. долларды құрайтын грантты пайдаланғаны үшін Ресей Қаржы министрлігінің алдында есеп беретіндігін айтты.

«Барлық мемлекетішілік рәсімдерден кейін бұл қаражат 2012 жылдың немесе 2013 жылдың бюджетіне кіретіндігі шешіледі. Біз әрине оны бюджетке 2012 жылдың желтоқсанында енгізуді қалаймыз. Бұл қаражатты Ресей елдің бюджетін қолдауға, атап айтқанда әлеуметтік саланы дамытуға бөліп отыр. Қазір біз осы қаражатты пайдалану бойынша ұсыныстарды жинап жатырмыз, сосын оларды қайда бағыттау керек екендігін шешеміз. Қорытындысы бойынша біз РФ Қаржы министрлігіне осы қаражатты жұмсау тиімділігі туралы есеп беруіміз керек», деп атап өтті ол.

Депутат Ж.Жолдошова 2-3 млн. долларды мәдениет саласына бағыттауды ұсынды. «Кинематографты дамытуға, фильмдер түсіруге бағыттау керек. Біздің табиғатымыз ерекше, бізге тіпті фильм түсіру үшін Үндістаннан келіп жатады. Қаржы министрлігі Мәдениет министрлігін қаржыландыруды 72 млн. сомға қысқартты, оларды ресейлік грант есебінен қайтару керек», - деп санайды депутат.

Қырғызстанның Қаржы министрі сондай-ақ, «Қырғызстан бюджетіне «Электр стансалары» ААҚ-дан 500 миллион сом түспей қалды. Төлемдердің жетіспеушілігі кәсіпорынның мүшкіл қаржылық жағдайымен түсіндіріледі. 2013 жылы «Электр стансалары» сондай-ақ 500 млн. сом төлемейді. Бұл сан түспей қалған сома ретінде қаржылық құжат жобасында көрсетілген» дегенді айтты.

Бұнымен қоса, О.Лаврова «Қырғызстанда 2013 жылғы 1 қарашадан бастап барлық мемлекеттік сатып алулар электронды сауда қағидасына көшіріледі. Арнайы құрылған сайтта сатып алғылары келетін және сатып алуға қатысқылары келетін органдар туралы барлық ақпарат орналастырылады. Біз адам факторын жойып, сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз етуді және жемқорлықтан құтылуды көздейміз» деді.

Дереккөз: bnews.kz

20 қараша 2012, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.