Атырау, 6 желтоқсан 13:21
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қарабатанда тағы бір адам көз жұмды

6 941 рет қаралды


3 наурызда Қарабатанда NCOC-тың мердігер мекемелерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкердің денесі табылды. NCOC баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

- NCOC мердігер мекемелерінің бірі - Kaz M-I компаниясының қызметкері 3 наурызда жұмысқа қатысы жоқ оқиға нәтижесінде кенеттен көз жұмды. Kaz M-I компаниясының өкілдері бұл қызметкерді 3 наурызда таңертең Ватернас вахталық поселкесіндегі бөлмесінен есінен танған күйде тапқан, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі «АЖ» тілшісіне.

Компания марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтып, барлық қажетті қолдау көрсетілетіндігін хабарлаған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, марқұмның денесінде зорлықпен өлтірілген іздер табылмаған.

- Қазіргі уақытта NCOC осы оқиғаны тергеуге көмектесу үшін тиісті билік органдарымен жұмыс істеуде, - деп хабарлайды NCOC.

Естеріңізге салсақ, бұл соңғы кезде Қарабатанда орын алған осымен екінші қайғылы оқиға. 22 ақпанда таңертең Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылыс аумағында 50 жастағы Қытай азаматы есінен танып құлаған еді. Медициналық көмек көрсетілгенімен, ол қайтыс болды. Оның өліміне инсульттың себеп болғаны айтылды.

Фархат ӘБІЛОВ

4 наурыз 2020, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.