Атырау, 6 желтоқсан 14:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері 2 жыл жарым жаза алды

3 297 рет қаралды


Махамбет аудандық сотында 2019 жылдың қазанында Исатай ауданы Зинеден ауылында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалған полиция қызметкері Айболат ЖҰМАШЕВҚА қатысты сот отырысы аяқталды.

Сот оны ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағы («Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзуы») мен  347-бабы («Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу») бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА      

18 ақпан 2020, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.