Атырау, 21 желтоқсан 17:19
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

Сурет
3 920 просмотра

ШАХМАТ


Алматыда жасөспірім ұл-қыздардың арасында ел чемпионаты өтті. Өткен жылғы әлем чемпионы Зарина Нұрғалиева өзінің жоғары дәрежесін растап, тамаша өнер көрсетті.

Ол «блиц» және «классика» стилі бойынша екі алтын, сондай-ақ үлкен қыздар тобында «рапид» пен «блиц» бойынша күміс және қола алқа алды. Ал Рахымберді Әлиасқар «рапидте» күміс жүлдеге ие болды. Жас дарындар №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен тәлім алады. Заринаның тәлімгері - Жәнібек Аманов, Әлиасқарды Сабырбай Ғайсин жаттықтырады.

- Зарина мен Әлиасқар - өте дарынды балалар, - дейді С. Ғайсин. - Сәуірде Грекияда жедел шахмат бойынша әлем чемпионаты өтеді, осы турнирде олардың жеңіске жетуге жақсы мүмкіндіктері бар.

Спортшылар мен олардың бапкерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.


КАРАТЭ

Ақтауда кекушинкай каратэ-до бойынша Ә.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған республикалық турнир өтті.

Бұл жерде облыстық шинкекушинкай каратэ-до федерациясының шәкірттері тамаша өнер көрсетті. Назым Приданова алтын алқа, Айдана Қалидолла мен Шипа Нұржан қола алқа жеңіп алды. Оларды бапкер Кристина Телятова жаттықтырды.


ЕРКІН КҮРЕС

Алматы облысының Қаскелең қаласында 2006-08 ж.т. жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир өтті.

№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Нұрдәулет Сейілбеков пен Руфат Асланұлы қола жүлдегерлер атанды. Спортшыларды Данияр Қабдолов жаттықтырады.

* * * * *

Бакуде М.Исаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Жарыстың қола жүлдегері - №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Бекарыс Төлегенов. Спортшыны бапкер Айдос Лекеров жаттықтырады.


БОКС


АМУ-дің «Жайық» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жастар арасында ел чемпионаты өтті. Турнирге 200-ге жуық спортшы қатысты. Аға бапкер Ринат Жұмағалиев бастаған Атырау облысының құрамасы алқалардың толық жиынтығын жеңіп алды.

Аса ауыр салмақта Азия чемпионы Аманат Сабырғали Ақтөбе, Тараз және Қарағандыдан келген қарсыластарынан басым түсіп, осы салмақтағы мықтының мәртебесін растады. 60 келіге дейінгі салмақта Бекзат Бітімов күміс алқа иеленді. Төрешілер корпусының шешімімен ол «Жеңіске деген жігері үшін» жүлдесіне ие болды. 52 келіге дейінгі салмақта Бекзат Қонысбай ұлттық құрамаға қола алқа әкелді.


ДЗЮДО

№1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы Талдықорғанда 2007-10 жж. жасөспірімдер арасында өткен ашық облыстық турнирден жүлделі орындар алды.

Фатима Нұржанқызы күміс алқа, Ксения Кириленко, Батырғали Серікқали, Аманжан Олжабай, Рахымжан Қуандық және Арон Руслан қола алқаға ие болды.

* * * * *

Қостанай облысының Лисаковск қаласында 2000-01 ж.т. жастар арасында ашық облыстық турнир өтті

Бұл жерде атыраулық спортшы Мақсат Әбдірахманов алтын, Бекзат Жақсығали қола жүлдеге ие болды. Спортшыларды Болат Жұмабаев пен Аслан Чапаевты жаттықтырады.


ТАЭКВОНДО

Павлодарда «Әкім кубогы» өтті.

Турнирге қатысқан атыраулықтардың ішінде өз салмақ дәрежелері бойынша Ян Гапотченко, Парасат Болат және Дәуір Сидолла жеңімпаздар, Ринат Исмағұлов пен Эмир Дадикенов күміс алқаға ие болды.

* * * * *

Алматыда «Алаш» спорт клубының жүлделері үшін республикалық турнир өтті.

Атырау командасы алқалардың толық жиынтығын иеленді: алтын алқа - Алина Болат, күміс алқа - Әсел Қонысбай, қола алқа - Айжан Өтегенова мен Дәулет Орынғали.


БЕЛДЕСІП КҮРЕСУ

Астанада 2003-05 жылғы жасөспірімдер арасында Халықаралық белдесу күресі федерациясының президенті Р.Г.Валиевтің жүлделері үшін халықаралық турнир өтті.

Додада №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері биіктен көрінді. Нұрзат Қуаныш пен Нұржан Сәрсенғалиев алтын алқалар жеңіп алды.


ММА

«Мұнайшы» спорт кешенінде аралас жекпе-жектің 200-ге жуық палуаны қатысқан облыстық чемпионат өтті.

Өз салмақ дәрежесінде Бердібек Сиражев, Ақылбек Ғарифуллин, Сағын Бекназар, Алпамыс Бексұлтан, Неймат Асадов, Әбілхайыр Орынғалиев, Ескендір Руслан және Думан Балмұханов жеңімпаздар атанды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қаңтар 2020, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.