Атырау, 29 наурыз 19:18
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарына қатысады

2 857 просмотра


Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Паралимпиадалық комитетінің кеңсесінде атыраулық таэквондошы Нұрлан ДОМБАЕВҚА Токио-2020 Паралимпиадалық ойындарына қатысуға ресми лицензия берілді. Құжатқа бүкіләлемдік таэквондо федерациясының президенті Чон Вон Чо мырза қол қойды.

- Нұрланның әлем, Азия және Еуропа чемпионаттарындағы жеңістерінен кейін паралимпиадалық жарыстарда өнер көрсету құқығына ие болғаны туралы қазан айында белгілі болды. 75 келіге дейінгі өз салмағында Нұрлан әлемдегі ең жоғары рейтингті жеңіп алды, бұл салмақтағы екінші – украиндық Антон ШВЕЦ. Осы екі спортшы рейтингіне сәйкес алғаш болып лицензия алды, - дейді Нұрланның жеке бапкері Асан ҚАСАЕВ:

Нұрлан – облыстық мүгедектер клубының (және №1 олимпиадалық резервтегі БЖСМ) жаттықтырушысы А.Қасаевтың нәтиже көрсетіп жүрген жалғыз шәкірті емес. Мысалы, Жанболат Қазиев өткен жылы ел чемпионаты мен спартакиадасының алтынын жеңіп алды. Сонымен қатар 19 жасар Бақберген Гибратжанға да зор үміт артуға болады.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қаңтар 2020, 23:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.