Атырау, 10 қазан 16:24
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Құс боп ұшқым келеді, қанатым жоқ!

4 444 просмотра

Ш.Сариев атындағы облыстық өнер мұражайында ашылған Атырау суретшісі Надежда ЭКСУЗЬЯННЫҢ көрмесі «Бәлкім, мен құс шығармын» деп аталды.

Бұл - Надежданың үшінші көрмесі. Бір ойда қаларлығы, суретші шығармашылығының тұрақты табынушылары бар екен. Бұл орынды да, өйткені Надежда Эксузьянның әрбір суреті тірі секілді, сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады. Картиналардан алуан түрлі бояулар төгіліп, олардың терең мағынасынан әлдебір сәуле құбылғандай көрініс береді.

Өз еңбектерін Надежда түрлі саз үнімен үндесе отырып салады.

Аспапта ойналған, сөзі жазылмаған, жанды тыншытатын сазды тыңдағанды жақсы көремін. Әсіресе, Энио, «Энигма», «Эра» композициялары ұнайды. Музыка нені және қалай салу керектігін ойға салады.

Көрмеде бұрын қойылған және жаңа туындылары назарға ұсынылған. Көрме ашылған кезде өзінің кейбір картиналарын Надежда сыр шерткен сазбен ұсынды. Бұл көрмеде, сондай-ақ, суретшінің қызы Марианна ЭКСУЗЬЯННЫҢ еңбектері де орын тапқан. Марианна бала жастан мүгедек, туа біткен суқараңғылық кеселіне шалдыққан. Бірақ бұл кесел оның өзінің нәзік бітімін шығармашылық арқылы білдіруге кедергі болған емес. Ол бала кезден әңгімелер жазады. Кітап басып шығару қымбат болғандықтан, тіпті азғантай данада жинақ та шығарған. Көрмеде оның кейбір әңгімелері, оларға арналған көрнекі суреттері  жұртшылық назарына ұсынылды.

Қазір жас жазушы «Ветхий мир» деп аталатын әңгімесін жазу үстінде.

Бұл мистикалық жанрдағы шығарма. Жұмыс барысында осы әңгіме бойынша кинофильмге сценарий жазсам деген құлшыныс пайда болды.Әзірге оның қалай боп шығатынын айту қиын, бірақ өз идеям бойынша жұмыс істемекпін, - дейді Марианна.

Көрме 2 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

7 қараша 2012, 21:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.