Атырау, 16 желтоқсан 01:05
 ашықВ Атырау -8
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

5 жасар қызын өлтірген Орал тұрғыны түрмеде отырмайтын болды

4 954 рет қаралды


Оралда 5 жасар қызын аяусыз өлтіріп алған әйелді сот психикалық ауруханаға жіберді, деп хабарлайды  «Астана» телеарнасы.

36 жасар Зәмзәгүлді түрмеден босатып, оны есі дұрыс емес деп танып, ұзақ мерзімді мәжбүрлеп емдеуге үкім шығарды.

12 желтоқсанда саяжайда кісі өлтіру орын алды. Сол күні Зәмзәгүл 5 жасар қызымен үй тапсырмасын жазып отырған. Қыздың ұйқысы келіп, жылай бастағанда әйел оны тамағына жармасып, тұншықтырып тастаған. 10 минуттан кейін қыз қайтыс болды.

Оқиға бойынша «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотта қайтыс болған адамның әжесі мен айыпталушының анасы қызының 17 жаста болғанда, мінез-құлқының ауытқитынын байқағанынын мойындады бірақ оған назар аудармаған. Зәмзагүлді емдемеген, ол тіпті бірнеше жыл жұмыс та істемеген.

Сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша өз қызын өлтірушіге «шизофрения» деген диагноз қойды: ол өзі не жасағанын, әлі білмейді.

21 желтоқсан 2019, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.