Атырау, 9 желтоқсан 10:20
Күндіз ашық+2, кешке -2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.97  € 427.12  P 6.04

Спорт жаңалықтары

21 қараша 00:00

БОКС


Моңғолия астанасы Ұланбатырда жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Онда атыраулық спортшы Аманат Сабырғали алтыннан алқа тақты.

Өте ауыр салмақта өнер көрсеткен Аманат алдымен үндістандық қарсыласын жеңіп, финалда Оңтүстік Корея боксшысын басымдықпен жеңді. Чемпионды Азия чемпионы Ерлан Сахипов жаттықтырады.


ШАХМАТ

Ақтауда қазақстандық шахматшы Дәрмен Сәдуақасов атындағы ҚР Кубогы өтті.

Турнирде атыраулық жас талант Зарина Нұрғалиева мен Аят Абдуллаев көзге түсіп, алтын мен қола жүлде иеленді. Жас спортшыларды №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жәнібек Аманов дайындады.


ММА

Бахрейнде әлем чемпионаты өтіп, оған 52 елден 400-ден астам спортшы қатысты. Бұл жерде атыраулық аралас жекпе-жек шеберлері өздерін жақсы жағынан көрсетті.

Дамбылық Ерулан Қабдолов 52,2 келіге дейінгі салмақта жастар арасында күміс алқа жеңіп алды. 2017 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында ол алтын алқа иеленіп, бір жылдан кейін қола жүлдені місе тұтқан еді. Енді ол өзінің әлемдік алқа жиынтықтарын толық жинады. Бірінші жекпе-жекте Ерулан үнді спортшысы Архун Пундирды басымдықпен жеңіп, жартылай финалда ресейлік Курбан Омаровтан үстем түсті. Ал финалда төрешілердің жеке шешімімен ҚР ұлттық құрамасындағы серігі Фариз Абдаловтан ұтылды.

Өткен жылы 61,2 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен атыраулық әлем чемпионатының күміс жүлдегері Олжас Молдағалиев бұл жолы қола алқа иеленді. Бірінші жекпе-жекте швециялық бәсекелесі Оскар Жаскариді жеңіп, содан кейін американдық Гектор Миронды жеңді. Бірақ жартылай финалда Олжас ресейлік Джамалидин Алиевке есе жіберіп алды.


ПАНКРАТИОН

Римде Әлем чемпионаты өтіп, онда ұлттық құрамдағы атыраулық спортшы Әділбек Қайырғали алтын алқаға ие болып, керемет нәтиже көрсетті.

71 келіге дейінгі салмақта қатысқан ол ҚР құрамасындағы серігін жеңіп, кезекпен ресейлік екі қарсыласынан басым түсті. Финалда Украина өкіліне ешқандай мүмкіндік бермей, жеңіс туын желбіретті.


ДЗЮДО

Алынған алқа саны бойынша Украинаның Донецк қаласында өткен халықаралық турнирде Атырау қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы бірінші орынды иеленді.

Алтын алқаны Ерасыл Әнесов, Олжас Құмар, Теңелбай Дархан, Рамазан Қадырберген және Шерхан Асқарбек, күміс алқаны - Нұрғали Маратов, қола алқаны - Арсен Өтелиев, Нұржан Сәрсенғалиев және Алтаир Жанұзақов жеңіп алды. Бұдан басқа, Е.Әнесов пен О.Құмар ұйымдастыру комитетінің «Ең жылдам шабуылы үшін» және «Ең үздік техникасы үшін» арнайы сыйлықтарына ие болды.

* * * * *

Махамбет ауылында атақты спорт қайраткері Ж.Сұлтановтың жүлдесі үшін облыстық турнир өтті.

Мұнда №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы сәтті өнер көрсетті. Саян Тайжан, Жәнібек Наренов, Төрехан Төреғали, Жаңылсын Мұхатова жеңімпаз атанса, Дамир Мирманов, Нұрдәулет Қонысқали, Думан Маратов, Бек Өтеген, Мадина Есенова және Нұрбол Батырғали күміс және қола жүлдеге ие болды. Спортшыларды бапкерлер Қ.Тайжанова, А.Ықыласұлы, А.Чапаев, Д.Жаксиев, А.Сүлейменова және А.Тұяққалиев дайындады.


ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

Қызылордада ел чемпионаты өтіп, онда бас бапкер Айбек Серғазиев бастаған Атырау облысының құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола алқа жеңіп алды.

Өз салмақ дәрежесінде Назгүл Құбашева мен Эльмира Самиғоллаева Қазақстан чемпиондары, Наурызбек Майлашев күміс, Ақжол Қайыпқан, Саида Қапсалықова, Сұңғат Закарияев және Арман Қалиев қола жүлдені жеңіп алды.


ЕРКІН КҮРЕС

Көкшетауда 2003-04 жылғы жасөспірімдер арасында А.Қазымбетовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Атыраулық спортшылар Бекарыс Төлегенов (65 келіге дейін) пен Ерсұлтан Ерболатұлы (80 келіге дейін) жарыстың күміс жүлдегері атанды. Келесі күні Павлодарда Қазақ КСР спорт шебері Ж.Кежеғалиевті еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Онда Б.Төлегенов қола алқаны жеңіп алды. Павлодарда тағы бір атыраулық спортшы Әділет Бисенбаев (80 келіге дейін) те осындай алқа алды. Жігіттерді бапкерлер Айдос Лекеров пен Данияр Хабдулов дайындады.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1580 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4