Атырау, 23 қараша 23:44
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бір қадам артқа...

2 536 просмотра


10 қарашада футболдан Қазақстан Премьер-лигасы чемпионатының соңғы 33-ші турының матчтары өтті. «Атырау» командасы «Қайратпен» сырт алаңда ойнады. Бұдан бұрын  хабарлағанымыздай, бұл ойын біздің команданың тағдырын өзгерте алмайтын еді. Тур соңына дейін ол өз тарихында алғаш рет төменгі лигаға түсті.

Ештеңеге қарамастан беріле ойнаған ойыншыларымызға лайықты құрмет көрсетуіміз керек. Дегенмен тағы ұтылды: алаң иелері чемпион болмайтындарын білсе де, «Атырау» қақпасына 17-минутта (Георгий ЖУКОВ) және 70-минутта (Адеринсола Хабиб ЭСЕОЛА, орыстілді украиндық спортшы, анасы украин қызы, әкесі нигериялық) гол салып, бұл жеңістеріне қатты қуанды.

77-минутта алаң иелерінің қорғаушысы Раде ДУГАЛИЧ допты өз қақпасына салып, ойынның қорытынды есебін орнатты - 2:1, «Қайрат» жеңіске жетті. 

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Атырау» футбол клубы бас бапкерінің м.а. Қуаныш ҚАБДОЛОВ (жақында тағайындалған Асқар ҚОЖАБЕРГЕНОВ аяқ астынан «отбасылық себептермен» жұмыстан кетті) «алға жылжу үшін артқа қадам жасауға тиіспіз. Премьер-лигаға оралу үшін күшеюіміз керек» деді.

Сонымен, ҚР чемпионатының жүлделері былай бөлінді: алтын - «Астана», күміс - «Қайрат», қола «Ордабасы» командасының еншісінде. Елордалық команда келесі жылы Чемпиондар лигасына алғашқы іріктеу раундынан бастап қатысады, «Қайрат» пен «Ордабасы» Еуропа лигасында ойнайды. «Ақтөбе» мен «Атырау» Премьер-лигадан кетеді, олардың жоғарғы дивизиондағы орнына «Қызыл-Жар СК» (Петропавл) және «Каспий» (Ақтау) командалары жайғасады. 10-орынды иеленген «Тараз» бен бірінші лигада үшінші орын алған «Ақжайық» (Орал) Премьер-лигада ойнау үшін таласады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қараша 2019, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.