Атырау, 27 сәуір 01:50
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

Бейнежазба
3 982 просмотра

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ


Атыраулық спортшы Евгений Поливадов Будапеште өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында қола алқаға ие болды.

82 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Евгений алдын-ала айналымда қырғыз Илгиз Билимовті 5:1 есебімен жеңді, содан кейін румын Георгий Владты оңай жеңді (11:0), бірақ жартылай финалда Хорватия өкілінен 1:2 есебімен ұтылып қалды. Қола алқа алу үшін күресте Евгений Армения өкілі Армен Вардумянды 16:7 есебімен жеңді.


ТАЭКВОНДО

Италияның Бари қаласында паратаэквондодан Еуропа чемпионаты өтті. 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен атыраулық спортшы Нұрлан Домбаев бірінші жекпе-жекте украиналық қарсыласын 36:24 есебімен жеңіп, финалда түрік спортшысынан 35:15 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде Еуропа чемпионының алтын алқасын және 2020 жылы Токиода өтетін Паралимпиадаға жолдама алды.


АРМРЕСТЛИНГ


Румынияның Констанца қаласында өткен Әлем чемпионатында Атырау құрамасы сәтті өнер көрсетті. Жарысқа әлемнің 58 елінен мыңнан астам қолкүресшілер қатысты.

Ардагерлер санатында атыраулық үш спортшы аға бапкер Сергей Передистыйдың жетекшілігімен өнер көрсетті. Олардың екеуі чемпион атанды. 80 келіге дейінгі салмақта Исатай ауданының спортшысы Алмагүл Қанатова 12 айқаста жеңіп, финалда ресейлік әйелден үстем болды. 80 келіден жоғары салмақта Махамбет ауданынан келген Рахия Молдашева финалда АҚШ өкілінен басым түсті.


БОКС

Павлодарда Рафаэль Вахитовтың жүлдесі үшін ІХ халықаралық турнир өтті.

Осы турнирде Атырау облысының атынан шыққан үш боксшы да (үшеуі де Шымкент тумасы) финалға шықты. 57 келіге дейінгі салмақта «біздің» боксшы Ибадолла Нартай қарағандылық Эрнест Кокомбаевпен табандаған айқаста есе жіберіп алды. 75 келіге дейінгі салмақтағы Нұрқанат Раис ресейлік Иван Ерковты жеңді, ал 91 келіден жоғары аса ауыр салмақта Еркін Мұхамеджан «Астана Арланс» тобының құрамындағы Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы Олжас Букаевты жеңіп шықты. Нәтижесінде Атырау құрамасы екі алтын және және күміс алқалы болды.

* * * * * 

Ақмола облысында бокстан қыздар арасында республикалық турнир өтті. Мұнда атыраулық спортшылар алқалардың толық жиынтығын жеңіп алды.

50 келіге дейінгі салмақта Асылай Қуанышева турнир жеңімпазы болды, Мәдина Азыкеева (48 келіге дейін) күміс алқа алса, Арайлым Есенғалиева (32 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Қыздарды Алмагүл Шариева жаттықтырады.

* * * * *

Құрманғазы ауданында жасөспірімдер арасында ҚР әнұранына сөз жазған Жұмекен Нәжімеденовті еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтті.

Турнирге Ресейден және Қазақстанның көптеген облыстарынан командалар қатысты. Нәтижесінде командалық бірінші орынды Атырау қаласының құрамасы иеленді (5 алтын, 3 күміс және 13 қола алқа). Нұрбол Нұрланұлы («Үздік техникасы үшін»), Бекзат Боранбай («Жеңіске деген жігері үшін») және Нұрсейіт Аюпов («Үздік төреші») арнайы сыйлықтармен марапатталды.


ДЗЮДО

Ақтауда 2005-07 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Шотан Назарұлыен еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Атырау құрамасының қоржынына 6 алтын, 4 күміс және 5 қола алқа салынды.

Командалық 2-орынды иеленген «Атырау» спортшылары 100 мың теңгеге сертификат алды.

* * * * *

Ресейдің Балаково қаласында жасөспірімдер арасында «Атом» кәсіпорнының 65 жылдығына арналған турнир өтті. Оған 5 елден 300-ден астам дзюдошылар қатысты. Атырау командасының қоржынында - 2 алтын, 1 күміс және 5 қола.

Алмас Пастухов (50 келіге дейін) және Ерасыл Әнесов (55 келіге дейін) турнирдің жеңімпаздары болды, Нұрасыл Әнесов (60 келіге дейін), Дархан Теңелбай, Айдос Жұмашев, Жаңылсын Мұхтарова, Олжас Құмар және Нұрсат Ерболат өз салмақ дәрежелерінде күміс алқа жеңіп алды. Оларды Болат Жұмабаев пен Қалжан Тайжанова жаттықтырады.

* * * * *

Құлсары қаласында «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен облыстық ашық турнир өтті.

№1-ші Атырау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері өздерін жақсы көрсетіп, 8 алқа жеңіп алды. Жеңімпаздар: Аманжан Олжабай, Рамазан Қадырберген және Саян Тайжан. Күміс алқа иегерлері: Азамат Ерік пен Ақниет Ізбасаров. Ал Мүслім Қарақойшы, Нұрғали Марат және Мейрамбек Сираж қола алқа жеңіп алды.


ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

Батыс Қазақстан облысында Еңсеп Досқалиевты еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

Бұл жерде атыраулық спортшы Әлішер Мутигалимов алтыннан алқа тақты. Оны Аманжол Ықыласұлы жаттықтырады.


БЕЛДЕСІП КҮРЕСУ

Қазан қаласында өткен әлем чемпионатында №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Амандық Абылай қола жүлдеге ие болды.

Жүлдегерді Асылбек Қалиев жаттықтырады.


САМБО

Атырауда республикалық дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен 2004-05 жылғы ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир өтті Оған Қостанай, Жамбыл және Қазақстанның батыс облыстарындағы орта мектептердің 130-ға жуық оқушысы қатысты.

Атыраулық спортшылардан өз салмақ дәрежелері бойынша Айназ Асанқызы, Асылзат Нұрланқызы, Жаншат Ақниет, Дана Абдирова, Әсемгүл Өтегенова, Нариман Мұқан, Қазбек Аңсаған, Ерасыл Удереев, Бексұлтан Идеят және Даниял Меңдіғалиев алтын алқа иегерлері атанды.


АУЫР АТЛЕТИКА

Атырау облысының намысын қорғаған зілтемірші Нижат Рахимов Беларуссияның Гродно қаласында өткен халықаралық турнирде алтыннан алқа тақты.

81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ол серпе көтеруде 151 кг, жұлқи көтеруде 193 кг салмақ көтеріп, қоссайыс сомасы бойынша 344 кг жинады.


ХОККЕЙ

15-17 қараша аралығында Польшаның Краков қаласында хоккейден құрлық кубогы өтеді. Оған «Бейбарыс» облыстық командасы Қазақстанның қазіргі чемпионы ретінде қатысады.

2020 жылғы 10-12 қаңтарға жоспарланған турнир финалына жолдаманы іріктеу топтарының үздік екі командасы алады. «Бейбарыс» «F» тобына енді, оның қарсыластары беларуссиялық «Неман», польшалық «Краковия» және украиналық «Донбасс» командалары болады.

Бейбарыс құрлық кубогына төртінші рет қатысуда. Атырау командасының осы турнирдегі ең үздік нәтижесі - 2016/2017 жылғы күміс алқа алған маусымы. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қараша 2019, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.