Жуырда Атырау облысы әкімдігінің Telegram чат каналына қала маңындағы Еркінқала ауылындағы мектеп оқушысының ата-анасы оқу орны ауласындағы дәретхананың суретін салып, хабарлама жолдаған еді. Ата-ананың айтуынша, мектеп әкімшілігі 5-11 сынып оқушыларын сырттағы дәретхананы пайдалануға мәжбүрлейді екен. Ал оқу орны ғимаратындағы дәретханалар тек төменгі сынып оқушыларына арналған. Бұл жақында Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің Атырауға сапары туралы «АЖ» жарияланымында айтылған еді. Ал Атырау әкімдігі Еркінқала мектебін қорғап отыр.
Редакцияға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ қол қойған мынадай жауап келді: «“Жалпы білім беретін Еркінқала орта мектебі” КМК-нің жобалық қуаты - 624 орын. Қазіргі уақытта мұнда 1-ден 11-сыныпқа дейін 1524 оқушы оқиды. Бұл мектеп екі елді мекеннің: Еркінқала және Еркінқала-2 ауылдарының балаларына арналған жалғыз мектеп.
Мектепте ұлдар мен қыздарға арналған төрт дәретхана (бірінші және екінші қабаттарда 2-еуден) бар. Оларды жасына қарамастан барлық оқушылар пайдаланады. Ал аулада қайыршақтастан салынған бөлек дәретхана бар. Ол мектепте жөндеу жүргізілгенде немесе су болмай қалған жағдайда пайдалану үшін қажет. Аула мен мектеп ішіндегі дәретханалардың бәрі санитарлық нормаларға сәйкес, таза».
Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА