Атырау, 21 желтоқсан 17:05
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Әлсіз болса да үміт бар

3 536 просмотра


25 қазанда Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен «Атырау» командалары арасында футболдан ел чемпионатының 31-турының матчы өтті. Күтпеген жерден бұл кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды.

39-минутта «Атыраудың» поляк шабуылшысы Петр ГЖЕЛЬЧАК гол соқты. Қалған уақыттың барлығында қонақтар осы кішкентай жеңіс есебін жанқиярлықпен қорғап шықты.

Бұл жеңіс мұнайлы астана клубының Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үміт беруі (өте көп емес) мүмкін. Көрейік. Енді «Атырауда» 23 ұпай бар, 10-орын үшін таласатын қарсыласы «Таразда» - 25 ұпай. Бірақ «Тараз» 27 қазанда «Жетісумен» өткізетін 31-турдағы матчын ойнаған жоқ. Бірақ «Атырау» командасының да «Шахтермен» кездесу ойыны бар (30 қазанда). Ол Кубоктың финалы үшін өткізілмей қалған еді.

Содан кейін командалар чемпионаттың шешуші соңғы екі турын ойнайды: 2 қарашада «Атырау» өз алаңында «Ордабасымен» және 9 қарашада Алматыда «Қайратпен» ойнайтынын еске саламыз. Ал «Қайратқа» чемпион болу үшін ұпайлар өте қажет. Сол уақытта «Тараз» өз алаңында «Қайсармен» және сырт алаңда «Ордабасымен» ойнайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қазан 2019, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.