Қазіргі уақытта Атырау облыстық перинаталды орталығының (ОПО) ескі ғимаратының гинекологиялық бөлімінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мекеменің өзі қалыпты режимде жұмыс істеуде, - деп мәлімдеді телефон арқылы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис ТАҢБАЕВА.
- Біздің және елордалық эпидемиологтар ОПО-дан ауруханаішілік инфекцияны анықтады. Олар өз қорытындыларын берді, ол бойынша жұмыстар жүргізілуде, - дейді Г.Таңбаева. Сондай-ақ, ОПО пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдер мен босанған әйелдерді қабылдауды жалғастыруда. Оның айтуынша, күніне 40-60 пациент келеді, олардың жартысына жуығы ауруханаға жатқызылады, 3-5 операция жасалады. OПО мамандары әйелдерді босандыруды жалғастыруда.
Айтпақшы, мамандар туралы: бұдан бұрын орталықтың 31 қызметкерінің өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш жазғандары туралы хабарланған болатын. Бүгінде олардың үшеуі өтініштерін кері алған, қалғандары райынан қайтпаған, алайда Еңбек кодексіне сәйкес, нақты шешім шығаруға әлі бір аптадай уақыт бар.
- Егер олар кетер болса, ОПО-ның қалған мамандарына батыс өңірінің басқа облыстарынан әріптестері көмекке келеді және мамандарды іздеудің басқа да жолдары қарастырылады, - деп сендірді Г.Таңбаева.
Зульфия ИСКАЛИЕВА