Атырау, 24 қараша 01:34
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда азаматтық белсендіге бас бостандығын шектеу жазасын берді

Сурет Бейнежазба
3 371 просмотра


Бүгін, 21 қазанда №2 Атырау қалалық соты азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАҒА бір жылға бас бостандығын шектеу үкімін шығарды. Бұдан басқа, сот оған әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салып, «жәбірленушілер қорына» 25 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Сот процесі шамамен 2 айға созылды. Прокурор Нұрболат ӘБІЛОВ Мұқатова үшін 1,5 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза сұрады.



ҚР ҚК-нің 405-бабының 2-тармағы (Экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қоғамдық бiрлестiктiң олардың қызметiне соттың тыйым салу туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiне қатысу) бойынша айыпталған сотталушы үкім шығарылар алдында сөйлеген соңғы сөзінде кінәсін мойындамай, билік жас ұрпақ қазақстандықтарды үнсіз қалуға мәжбүрлей алмайды деген сарында әсерлене сөз сөйледі.

Оған әлеуметтік желілерде ҚР-да тыйым салынған ҚДТ қозғалысының жазбаларын репост жасағаны үшін айып тағылған еді.

Залда бақылаушылар ретінде жергілікті белсенділер мен Италиядағы Адам құқықтары жөніндегі федерация өкілі қатысып отырды. Олардың арасында, өкінішке орай, атыраулық белсенді Минал КЕНЖЕКОВ болған жоқ - өткен аптада жергілікті құқық қорғау қозғалысының ардагері инсульттан қайтыс болған еді.

- Түсінбеймін, ол неге жәбірленушілер қорына 25 мың теңге төлеуі керек? Бұл жерде жәбірленуші кім? – дейді белсенділердің бірі наразылықпен.

- Құқыққорғау органдарының қызметкерлері мені анда-мында апарды, алақандарына салып жүрді деуге болады. Мүмкін бұл олардың қызметтері үшін төлемақы шығар, - деді Дианара әзілдеп.

- Әрине, біз бұл үкімге шағымданамыз, - деді Адам құқықтары жөніндегі бюроның Атырау филиалының директоры Әсел НҰРҒАЗИЕВА.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

21 қазан 2019, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.