Жанкүйерлері саусақпен санарлық бос стадионда «Атырау» футбол командасы чемпионаттың кезекті матчында 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
«Жетісу» командасына турнир жоспары бойынша ештеңе керек емес еді. Ол кестенің бас жақтарынан орын алған, бірақ еурокубоктарға жете қоймайды. Енді қалай ұтылып қалсын?! Ахуал нашар еді, тіпті, стадионда барабан соғып, ұрандатқандар да ғайып болды. Стадионға келгендер «Қонысбай, қоныс аудар!» деген сөздері бар баннерді ұстап тұрды. Екінші тайм басталарда полицейлер баннерді алдырып тастады.
Футболдың өзі туралы айтатындай ерекше ештеңе жоқ. Үш голды да талдықорғандықтар 1-таймда салған еді. 13-минутта болгар Мартин ТОШЕВ қапталдан басымен доп беріп, 37-минутта украиндық шабуылшы Руслан СТЕПАНЮК алыстан «Атырау» қақпашысы Нұрболат ҚАЛМЕНОВТІҢ қақпасына тұтқиылдан доп салды. Тағы екі минуттан соң серб Ненад АДАМОВИЧ тағы да алыстан доп салды.
«Таразбен» лигада қалу үшін кездесуден үміт аз. Қалған 4 матч сырт алаңда өтеді. «Шахтермен» 28-турдың кейінге қалған ойыны, содан кейін Қызылордада «Қайсармен», Шымкентте «Ордабасымен» және Алматыда «Қайратпен» кездесу болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ