Атырау, 21 желтоқсан 17:20
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

3 356 просмотра

ХОККЕЙ

Көрнекі сурет

Өткен демалыс күндері облыстық «Бейбарыс» хоккей командасы 6:2 және 9:2 есебімен жеңіске жетіп, «Астана» командасымен сырт алаңда екі сәтті ойын өткізді.

28 қыркүйекте «мәмлүктер» қарсыластарының қақпасына алғашқы минуттардан бастап матч соңына дейін гол салды. Тек 30-минуттан 40-шы минутқа дейін олар өздеріне «үзіліс» алуға мүмкіндік беріп, сол уақыт ішінде қарсыластары 2 қарсы шайба соқты.

Келесі ойын қонақтар үшін одан да жемісті болып, олар 2-ші минутта есеп ашты. Көп ұзамай «Астана» есеп теңестірді, бірақ содан кейін «Бейбарыс» мұз айдынында үстемдік етті. Бұған таблодағы 9:2 деген қорытынды есеп дәлел болады.


ШАХМАТ

№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде атыраулық Зарина Нұрғалиеваның әлем чемпионатындағы жеңісіне арналған қалалық турнир өтті. Жарысқа әр түрлі жастағы 55 шахматшы қатысты.

Жеңімпаздар тізімі мынадай. Ардагерлер - Айтқали Ізбасаров, ерлер - Нұрбек Хайрошев, әйелдер - Үміт Совет, 2002-06 жылғы ұлдар - Абзал Әмірәлі, 2002-06 жылғы қыздар – Марина Нұрғалиева, 2007-10 жылғы ұлдар - Аят Абдуллаев, 2007-10 жылғы қыздар - Зарина Сабырбайқызы, 2011-13 жылғы ұлдар - Рахманберді Әлиасқар, 2011-13 жылғы қыздар - Айдана Әбужарова.

Естеріңізге салсақ, З.Нұрғалиева осы жылдың тамыз айында жедел шахматтан әлем чемпионы атанған еді. Оны бапкері Жәнібек Аманов дайындады.

- Шахмат ойынын үйрену оңай шаруа емес, бастысы бұл ойынды сүйе білу керек. Жетістіктің бәрі еңбекпен келеді. Заринаның жетістігі осының нақты мысалы, - дейді облыстық шахмат федерациясының вице-президенті, №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бас бапкері Сабырбай Гайсин.


КІР ТАСЫ

№16 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, кір тасын көтеру спортының бұрынғы әлем чемпионы Евгений Михайлович Ухов өз рекордын жаңартты - 30 минут ішінде 24 келі кір тасын оң қолымен 240 рет көтерді!

№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің залында болған рекордқа ауыр атлетика бойынша ҚР еңбек сіңірген бапкер Игорь Миргамбаев куә болды.

- Мен оның бұл жастағы күш-қайратына таң қаламын. Оның құрдастары үйлерінде ауруларын санамалап отыр, ал ол спорт залдарын аралап, білгенін жастармен бөліседі, рекорд орнатады, - дейді И.Миргамбаев. Е.Ухов алдыңғы рекордында кір тасын жарты сағат ішінде 234 рет көтерген.


ЖҮГІРУ

Мәскеуде дәстүрлі абсолюттік марафон өтті (арақашықтық 42 км 195 метр). Марафонға атыраулық марафоншы-ардагер Жеңіс Оразұлы Айтбаев та қатысты.

Біздің спортшымыз мықтылар тобында мәреге жетті. 74 жаста екендігіне қарамастан, ақсақал марафон қашықтығын 18-ші рет бағындырып отыр.


КИКБОКСИНГ

Анапада кикбоксингтен Әлем кубогы өтті.

Атырау құрамасы тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Жандос Назарбеков, Серікжан Сәлімгереев және Нұрсұлтан Жұмабаев алтын алқаға ие болды. Сәлімжан Сәлімгереев күміс алқа, Азамат Өтемісов пен Жанәлі Сәлімгерей қола алқамен ерекшеленді.


ЗІЛТЕМІР

Қостанайда ауыр атлетикадан 2003-04 жылғы жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде атыраулық спортшы Никита Ефремов 135 кг серпе көтеру және 108 келі жұлқи көтеру нәтижесімен күміс алқа жеңіп алды.

3 қазан 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.