21 қыркүйекте «Атырау» футбол командасы Премьер-лигада қалу үшін басты қарсыласы «Тараз» командасымен кездесу өткізді.
Біріншіден, осы ойынның бейнешолуын көрген кезде, 400 мыңдай тұрғыны бар оңтүстік қаланың 12 мың орындық (біздікінен үлкен) стадионында жанкүйерлердің мүлдем болмағаны мені таңғалдырды. Бұл жергілікті бюджеттен командалары қаржыландырылып, алыстағы құрлықтар мен бұрынғы Югославиядан «арзан» легионерлерді тартып, турнир кестесінің төменгі орындарында жанталасатын өңірлерде футболдың қаншалықты қызықты екендігі туралы мәселеге қатысты.
Екіншіден, футбол туралы тікелей ақпаратқа келейік. Бірінші таймда гол салынған жоқ, бірақ ойын тартысты өтті. 61-минутта қарсы шабуылда «Атыраудың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Бруно АЛЕКС меймандардың айып алаңында Исламнур АБДУЛАВОВҚА пас беріп, ол жақын жерден гол салды. 79-минутта тараздық Әлішер СҮЛЕЙ есепті теңестірді. 85-минутта айып добынан кейін Ризван АБЛИТАРОВ Ибрагимовичтің стилінде, аяғының сыртымен жанай өтіп, «Тараз» қақпасына керемет гол салды. Осы жерде біздікілер азғана уақыт ойын тізгінін ұстап қалса болар еді. Алайда қосымша минуттарда қақпа алдындағы қарбалас кезінде алаң иелерінің грузиялық шабуылшысы Элгуджа ЛОБЖАНИДЗЕ есепті 2:2 қылды. Осымен матч та аяқталды.
«Атырау» мен «Тараз» кестеде бұрынғыша қатар тұр. Атырауда ұпай аз, бірақ бір ойыны кем. Чемпионаттың аяқталуына аз уақыт қалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ