Атырау, 21 желтоқсан 17:11
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» бас бапкермен келісімшартты бұзды

3 458 просмотра
Олег ДУЛУБ

«Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі «тараптардың өзара келісімі бойынша» команданың бас бапкері Олег ДУЛУБПЕН келісімшарттың бұзылғанын хабарлады. «Атырау» бапкері Қуаныш Қабдолов бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Беларусь маманы Олег Дулуб командаға осы жылғы мамыр айының басында келген еді. «Атырау» онымен чемпионаттың 15 матчын өткізіп, 3 жеңіс, 4 тең ойын, 8 жеңіліске ие болды. Жақында аутсайдер «Ақтөбе» командасымен өткізген ойыннан соң команда турнирлік кестеде соңғы орынның алдында Премьер-лигадан кетуге дайын тұр.

Егер қазір отставкадағы Тулубтың «Атырауға» бапкер болған қысқа уақыт ішіндегі артықшылықтарын табуға тырыссақ, бұлар: ел кубогының ширек және жартылай финалында «Алтай» (Семей) және «Ордабасыны» («Шымкент») ұтып, финалға шығарды. Айтпақшы, қызылордалық «Қайсармен» финалдық кездесу жақында - 6 қазанда елордада өтеді.

Бір қызығы, чемпионатта қиын жағдайға тап болған «Атыраудың» келесі жылы Еуропа лигасына жолдама алуға мүмкіндігі бар.

Келесі сенбі, 21 қыркүйекте чемпионат аясында «Атырау» «Тараз» командасымен ойнайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қыркүйек 2019, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.