ПАРАЛИМПИАДА
12-17 қыркүйек аралығында Ақтөбеде Қазақстан Республикасының V Паралимпиадалық ойындары өтті.
Бірінші күні дзюдошылар күш сынасты. Атырау облысы құрамасының барлық 7 мүшесі де жүлде әкелді. Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Смағұл Ғалымжан өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды, Темірболат Ташкенов күміс алқа, Амандық Бақтығалиев, Абылай Әділбек және Ерлан Үмбетов қола алқаға ие болды.
Отырып ойнайтын волейболшылар командасы да алтын алқамен марапатталды. Финалда олар қызылордалық қарсыластарын 3:1 есебімен жеңді.
Ал, атыраулық жеңіл атлетшілердің нәтижелері мынадай: Тыныш Жақыпова - 2 алтын және күміс алқа, Гүлбақыт Қайыржанова - 3 алтын, Есболат Балбаев - 2 күміс және қола, Нұрлыбек Исатаев - 2 күміс, Нұрхан Бергенбай - күміс, Нұргүл Мақсотова - күміс және 2 қола алқа. Нәжімиден Төлегенов, Нұрлыбек Қабдырахманов және Ерлан Есекеновтің еншісіне де қола алқа бұйырды.
Атырау облысының спортшылары үстел теннисінде, жүзу, ату сайыстарында да жақсы нәтижелер көрсетті. Атырау облысы барлығы 22 алтын, 12 күміс және 12 қола алқа алып, жалпы командалық 6-орынды иеленді.
ФУТЗАЛ
14 қыркүйекте Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-дің «Жайық» спорт кешенінде футзалдан ҚР Суперкубогы үшін 2019 жылғы чемпион «Қайрат» командасы мен Қазақстан Кубогының иегері «Ақтөбе» командасы арасында матч өтті.
Ойын 4:0 есебімен алматылықтардың жеңісімен аяқталды.
ЗІЛТЕМІР
№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ауыр атлетикадан облыстық чемпионат өтті.
Қоссайыстағы (жұлқа көтеру, серпе көтеру) жеңімпаздар: 33 кг дейін - Жолдасқали Асылбек (25+35=60), 37 кг дейін - Олег Фофонов (31+41=72), 41 кг дейін – Нұрдәулет Қозыбаев (23+35=58), 45кг дейін - Жұмабай Мират (35+48=83), 49 кг дейін - Темірхан Диас (43+50=93), 61кг дейін - СайынАсылхан (50+63=113), 67 кг дейін - Бектұрған Олжас (45+60=105), 73 кг дейін - Никита Ефремов (60+90=150), 73 кг жоғары - Әнуар Алмазұлы (60+75=135). Жеңімпаздардың барлығы қазан айында Қостанайда өтетін ел чемпионатына жолдама алды.
САМБО
Нью-Делиде Азия чемпионаты өтті. Атырау құрамасы 8 жүлде иеленді.
Мерей Сәду, Абылайхан Мейрамбекұлы, Қайырберді Айдынбай, Абылай Түгелбаев пен Қалжан Тайжанова жеңіс тұғырынан көрініп, жеңімпаз атанды. Парасат Жұмабай пен Сырым Байғалиев күміс алқа, Хамария Әмірғалиева қола алқа алды.
ЖЕКПЕ-ЖЕК
Түркістанда жасөспірімдер мен жастар арасында өткен жекпе-жек бойынша ҚР Кубогында Атырау құрамасы 4 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алды.
Нұрпейіс Камаледенов, Аман Нұрғуатов, Айбар Сәкенов пен Мұхамеджан Тұрғанов өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар болды. Бекжан Амандық, Еркебұлан Ризуанов, Асылхан Балтабаев пен Жігер Қайдеш күміс алқаға қол жеткізсе, Сайдбек Кенжебаев, Бекназар Сағын және Алтынбек Мұратұлы қола алқаны місе тұтты.
БОКС
Бапкер Ерлан Сахиповтың шәкірттері Таразда өткен КСРО спорт шебері Кеңес Омаровты еске алуға арналған халықаралық турнир-мемориалда сәтті өнер көрсетті.
Аманат Сабырғали 91 келіден жоғары салмақта алтын алқа, ал Әлихан Сембай 60 келіге дейінгі салмақта қола алқа жүлдесіне ие болды.
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫС
Нұр-Сұлтанда ҚР ІІМ Кубогы өтті. Атырау намысын 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мирас Шантасов қорғады.
Нәтижесінде қолаға қол жеткізді.
ТАЭКВОНДО
Нұр-Сұлтанда ЦСКА кубогы өтті. Турнирге Атырау №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 10 шәкірті қатысып, олардың 9-ы алқамен оралды.
Ризабек Баймұханов, Ғани Журжани, Дастан Қадырғали, Эмир Дадикенов, Бекет Болатұлы мен Зейнеп Азаматқызы алтын алқа, Бекзат Серік, Арман Мұрат пен Алина Болат қола алқа алды.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ