Чемпионат басында екі легионерге бережағы үшін «Ақтөбеден» 12 ұпай шегеріліп, қазір ол небәрі 8 ұпаймен турнир кестесінің ең соңында. Алайда алаң иелеріне бұл кедергі болмай, жеңуге бел буып, 23-ші минутта есеп ашты.
«Атырау» қорғаушысы Михаил ГАБЫШЕВ алаң иелерінің шабуылшысы Абат АЙЫМБЕТОВТІ өз айып алаңында қолымен ұстап тоқтатқанын көрген төреші қонақтарға пенальти тағайындады. 11 метрлік айып добын жәбірленушінің өзі сәтті орындады.
Алайда «Атыраудың» үзіліске дейін есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Алдымен 37-минутта ақ-жасылдар қорғаушысы Эдуард СЕРГИЕНКО Қуаныш ҚАЛМҰРАТОВТЫҢ бұрыштан берген добын баспен қақпаға дәл бағыттады. Ал 45-минутта Қалмұратов тағы да алаң бұрышынан шебер доп беріп, бұл жолы Исламнур АБДУЛАВОВ гол соқты.
Ал екінші таймда алаң иелері ойын барысын өзгертті. Алдымен 64-минутта Маркос ПИЗЕЛЛИ есепті 2:2 қылды, содан кейін 90-минутта Асланбек КАКИМОВ жеңіс голын соқты. Қонақтардың есе қайтаруға уақыты қалмады. Матч 3:2 есебімен «Ақтөбенің» пайдасына аяқталды.
Басқа матчта «Ертіс» «Таразды» жеңген еді. Осы тараздықтар қалған бірнеше турда біздің команданың «өтпелі» 10-орын үшін күресте басты қарсыласы болатын шығар.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ