Атырау, 24 қараша 07:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Иракта азаматтық қоғамдар Ресейге хат жолдады

2 077 просмотра

Ресей мен Ирак арасында жасаған қару-жарақ келісіміне Ербилдегі азаматтық қоғам мекемелері наразылық көрсетті.

Ресейдің Ербил Бас консулдығы алдында жиналған шамамен 50 Азаматтық қоғам мекемесі өкілі Ресейге Малики үкіметімен жасалған келісімді тоқтатуы жөнінде шақыру жасады.

Азаматтық қоғам мекемелері төрағасы Аднан Энвер «Азаматтық қоғамдар ретінде Ресей Бас консулдығы арқылы Ресей Елбасы Владимир Путинге бір хат жолдадық. Ресейдің Саддам Хүсейинге сатқан қарулардан халқымыз шеккен азаптарды тілге тиек еттік. Халқымыз әлі сол қарулардың зардабын шегуде. Ирак Бас министрі Нури әл-Малики де дәл Саддам Хүсейин әкімшілігі сияқты диктаторлыққа бара жатыр. Мұның үшін біз Ресейден Малики өзгергенше қару-жарақ келісімін тоқтатуын талап еттік» деді.

Шамамен 2 сағатқа жалғасқан және ауқымды қауіпсіздік шаралары астында ұйымдастырылған наразылық шеруі оқиғасыз тарқады.

Дереккөз: trtkazakh.com

23 қазан 2012, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.