Атырау, 16 қыркүйек 06:58
Таңертең ашық+19, күндіз +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 386.71  € 429.17  P 6.02

​АҚШ келіссөзді тоқтатты, Талибан Трампқа ескерту жасады

9 қыркүйек 14:43


АҚШ Талибанмен келіссөздерді тоқтатты. АҚШ президентінің бұндай шешіміне тәліптердің лаңкестік шабуылдарын тоқтатпау әрекеті себеп болды деп көрсетті АҚШ мемлекеттік хатшысы жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде. 

«Біз олардың уәделерін орындай алатынына көзімізді жеткізуіміз керек», – деген Майк Полмпе CNN-ге берген сұхбатында. Ол сөзінде елдегі зорлық-зомбылық әрекеттерді тоқтағанда ғана, президент Трамп оларды бейбіт келіссөз «марапатына шақыратынын» айтқан. АҚШ мем. хатшысы бейбітшілік келіссөздерінің қайта қалпына келетіні туралы нақты уәде берген жоқ. Майк Помпеоның мәлімдеуінше, президент Трамптың Ауғанстан президенті Ғани және Талибан жетекшілерімен жексенбіде Уашингтон жанындағы Кэмп-Дэвидте келіссөз өткізуді жоспарлап келген. Әрі, келіссөздің сенімге негізделетінін, «АҚШ-тың ұлттық мүдделерін алға тарта отырып», Ауғанстандағы 18 жылдық соғысқа нүкте қою ниетінде екенін айтқан. АҚШ мемлекеттік хатшысы тәліптермен келіссөз туралы позициясын білдірді. 

АҚШ пен Талибан арасында бір жылға жуық уақыт бейбітшілік келіссөздері жүрілді. Ауғанстандағы АҚШ-тың арнайы өкілі Хализад өткен аптада тараптардың негізгі ұстанымдар туралы пікір бірлігіне келгенін мәлімдеді. Яғни, АҚШ президенті келісім жобасын мақұлдаса, ауған жеріндегі АҚШ-тың 5000 жауынгері 135 күн ішінде 5 әскери базадан шығарылатын болады. Майк Помпеоның мәлімдеуінше, Ауғанстандағы арнайы өкілге елге қайту бұйрығы берілген. Трамп АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери әрекеттерін тоқтату туралы уәдесін бергенімен, мемлекеттік хатшы Помпео АҚШ-тың «терроризмнің алдын алу» мақсатындағы «егер дұрыс болмаса, біз кетпейміз» деген ұстанымын да аңғартты. «Егер тәліптер әлі де менмендік танытса, бірнеше апта бойы берген уәделерін орындамаса, онда президент қысымды жеңілдетпейді. Біз де Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне қолдауды азайтпайтын боламыз», – деген АҚШ мемлекеттік хатшысы. 

Ал, Талибан тарабы АҚШ-тың бұл шешіміне қарсы өздерінің позициясын білдіріп үлгерді. Талибан мәлімдемесінде: «Трамп Кэмп-Дэвид келіссөздерін кенеттен тоқтатқандықтан, АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери күштері «басқаларға қарағанда үлкен шығындарға ұшырайтын болады», – деп ескертті. Бұған қоса: «Америка Құрама Штаттарының беделіне нұқсан келетін болады. Олардың бейбітшілікке қарсы ұстанымы әлемге тіпті де көбірек белгілі болады, олардың адам және экономикалық шығындары одан сайын артып, АҚШ-тың халықаралық саясаттағы рөлі туралы күмән күшейе түседі», – деген ескертуін жасады. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

703 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3