Атырау, 27 қараша 10:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Израиль премьері өзін министр етіп тағайындады

2 577 просмотра


Израиль премьер-министрі өзін тағы бір министрлік қызметке тағайындады. Премьер-министрдің қосымша тағы бір министрлік қызметті қоса атқаруын Израиль Мәжілісіне үкімет ұсынған. 

Үкіметтің Израиль Мәжілісіне жолдаған хатында тамыз айының орта шенінде доғарысқа (отставкаға) кеткен әлеуметтік қызметтер министрі Хаим Катцтың қызметін премьер-министр Беньямин Нетаньяху атқаратынын жеткізген. Премьер-министр Нетаньяхудың өзге министрлік қызметтерді өзіне жүктеуі бірінші рет емес. Ол Әлеуметтік қызметтер министрлігін қоспағанда, Қорғаныс, Денсаулық сақтау және Диаспоралар жөніндегі министрліктерінің де қызметін атқарып келген болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

6 қыркүйек 2019, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.