Италияда басымдыққа ие «Бес жұлдыз қозғалысы» партиясы Еуропалық одақпен бюджет мәселесіне қатысты ортақ келісімге келіп, екіжақты байланысын нығайта түспек.
Канадалық DBRS агенттігінің мәліметінше, елдегі коалиция дағдарысына қарамастан, «Бес жұлдыз қозғалысы» өкілдері осы жылға жаңа бюджеттік жобаны таныстырған. Жобада ел экономикасының бағыты, қаржылық нарық, инфляция көрсеткішін қадағалау және экологиялық мәселелерге көңіл бөлу жайлы бөлімдер бар. Дегенмен, Италиядағы оңпопулистік «Лига» партиясының лидері Маттео Сальвини үкіметтегі жікке бөлінуден қауіптенін, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы бірнеше рет үндеу тастаған.
Айта кетерлігі, аталған партия мүшелері Еуроодақпен қаржылық мәселені талқылап, бюджет жобасына қарасты түзеулер енгізбек. Былтыр Рим әлеуметтік бағдарламаларға бөлінетін қаржы көлемін 0,9%-ға ұлғайтпақшы болғанмен, Брюссель жобаны кері қайтарды. Сол кезде Еурокомиссия Италиядан алғаш рет бюджет жобасын толықтыруды талап еткен.
Дереккөз: qazaqtimes.com