Атырау, 27 қараша 10:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Ресейлік олигарх Түркіменстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

2 263 просмотра


Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов халықаралық "АРЕТИ" компаниялар тобының жетекшісі, ресейлік олигарх Игорь Макаровты өзінің мұнай-газ мәселелері бойынша кеңесшісі қызметіне тағайындады. 

АҚШ Қаржы министрлігі 2018 жылдың қаңтарында Игорь Макаровты санкцияға енгізген ресейлік олигархтардың тізіміне қосқан. Forbes журналының мәліметінше, ресейлік олигархтың байлығы 2,1 миллиард АҚШ долларына тең. Мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің жазуынша, Макаров бұл қызмет үшін ризашылық білдіріп, өзінің Түркіменстанда туғанын әрі велоспортты жақсы көретінін жеткізген. 

Ол сонымен бірге Түркіменстандаы гүлдендіруге атсалысатынын да айтқан. Игорь Макаров Ресейдің велоспорт федерациясының жетекшісі. Оның иелігіндегі «АРЕТИ» компаниясы 1990 жылдары түркімен газын Ресей арқылы экспорттауда маңызды рөл атқарған. 2010 жылы кеңсесі Лондонда орналасқан Global Witness ұйымы «ИТЕРА»(АРЕТИ 2015 жылға дейін ИТЕРА деп аталған) компаниясы Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовке 60 миллион АҚШ долларына тең «Галкыныш» кемесін сыйлыққа бергенін мәлімдеген. Макаров Түркіменстанға келгенде, елдің мемлекеттік телеарналары оның Бердімұхамедовпен астана көшесінде серуендеп жүргенін көрсеткен. Сол кезде олигарх түркімен лидеріне жаңа үлгідегі велосипед сыйға тартқан. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

6 қыркүйек 2019, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.