Атырау, 17 қыркүйек 03:10
 дождьВ Атырау +22.4
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

Уашингтон АҚШ-қа қауіпті елдерді атады

3 537 рет қаралды




Ресей, Қытай, Солтүстік Корея және Иран АҚШ-тың ғарыш-әуе күштеріне орасан қауіп төндіретін негізгі мемлекеттер.

Америка Қарулы қүштер штабы комитетінің төрағасы, генерал Джозеф Данфорд халықаралық кеңес отырысында: «1990 жылы АҚШ ғарышта әскери саланы дамыта бастаған кезде, ешқандай қарсыластардың кедергі жасамауын жіті қадағалаған болатын. Қазіргі уақытта космос – нағыз бәсеке алаңы. Осы бағытта Құрама Штаттары үшін басты қарсылас, әрі қауіп төндіруші мемлекеттер қатарында Ресей, Қытай, Солтүстік Корея және Иран бар», – деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, ресми Уашингтон америкалық ғарыш-әуе күштеріне төніп тұрған қауіптің алдын алу үшін жұмыстар жүргізетінін айтты. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

6 қыркүйек 2019, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.