Атырау, 27 қараша 10:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей және Моңғолия әріптестікті “жаңа деңгейге көтеретін” келісімге қол қойды

3 681 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга. Улан-Батор, 3 қыркүйек 2019 жыл

Ресей президенті Владимир Путин және Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга 3 қыркүйекте достық қарым-қатынасты сақтау және барлық сала бойынша стратегиялық әріптестік орнату туралы келісім-шартқа қол қойды.

Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында қол қойылған құжат 1993 жылғы достық және әріптестік туралы келісім-шартқа негізделген. Екі көрші арасындағы қарым-қатынас “барлық сала бойынша жаңа деңгейге көтерілді” деді Батулга.

Ресей басшысы жаңа келісім “екі тараптың қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отырғанын көрсетеді және Ресей мен Моңғолияның алға қойған ұзақ мерзімдік міндеттерін шешеді” деп атап өтті.

"Ресей бұрыннан бері Моңғолияны энергиямен қамтамасыз етіп отырған сенімді серігі" деді Путин. Моңғолия мұнай өнімдерінің басым бөлігін ресейлік "Роснефт" компаниясынан алады.

2 қыркүйекте кешке қарай Моңғолияға барған Путин Улан-Батордағы 1939 жылы тамыз-қыркүйек айларында Халхин-Гол өзені жағасында СССР мен Моңғолияның бірігіп, жапон әскерін жеңуіне 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған еске алу шарасына қатысқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

4 қыркүйек 2019, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.