Қытайда дүйсенбіде оқушыларға жасалған шабуылдар салдарынан ауруханаға түскен он баланың сегізі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Қытайдың орталығындағы Хубэй провинциясындағы Эньши қаласының бастауыш мектептерінің бірінде болған. Полиция қылмыскерді ұстады. РИА Новости мәліметінше, ол 40 жастағы қала тұрғыны. Оның мұндай қадамға неліктен барғаны және қылмыс қалай жасалғаны әзірге белгісіз. Қытайлық БАҚ мәліметінше, ер адам үйленбеген және бұрындары сотты болған.
Дереккөз: tengrinews.kz