Сауд Арабия коалициясы Йемендегі түрмеге әуе соққысын жасап, салдарынан 100 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқиға «Ансар Аллах» қозғалысы бақылауындағы Дамар провинциясында болды.
Бірақ хуситтердің айтуынша, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін. Себебі тағы бірнеше адам үйінді астында қалып қоюы мүмкін. Жалпы Йемендегі азаматтық соғыс осымен алтыншы жыл қатарынан жалғасып келеді.
Ал 2015 жылы шиеленіске араб коалициясы араласқаннан кейін аймақтағы ахуал одан сайын күрделене түсті. БҰҰ дерегіне сай қазіргі таңда ел халқының үштен екісі гуманитарлық көмекке мұқтаж. 8 миллион йемендік аштық тауқыметін тартып отыр.
Дереккөз; 24.kz