Атырау, 27 қараша 11:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қытайдағы америкалық компаниялардың 13% өз кәсібін тоқтатпақ

2 567 просмотра


Қытайдағы америкалық компаниялардың 13 проценті өз кәсібін тоқтатып, АҚШ-қа оралмақшы. Бұл туралы Президент Дональд Трамп мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш алдағы уақытта өсе түспек. «Себебі АҚШ-тың баж салығы Қытайға қиын соғып жатыр. Салдарынан Бейжің ұлттық валютасын бағамын төмендетіп, экономикасына ақша құюға мәжбүр», - дейді Ақ үй қожайыны. Ал кей ақпарға қарағанда Вашингтон Бейжіңнен империялық Қытай кезіндегі америкалықтардың сатып алған құнды қағаздарын төлеуді талап еткелі отыр. Оның көлемі 1 триллион долларды құрайды. Еске сала кетейік, өткен аптада Қытай Құрама Штаттардан импортталатын тауарларға жалпы құны 75 миллиард доллар болатын қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Ал президент Трамп оған жауап ретінде қазан айынан бастап Қытайдан әкелінетін барлық тауарға алымды өсіретінін жеткізді.

Дереккөз: 24.kz

1 қыркүйек 2019, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.