Атырау, 9 шілде 14:12
 дождьВ Атырау +24.1
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11

​Трамп Меркельдің ұсынысын қабылдады

2 764 рет қаралды


АҚШ президенті Дональд Трамп Германия канцлері Ангела Меркельдің ұсынысымен жақын арада ГФР-ге іссапармен баратынын мәлімдеді.

Сол себепті Трамптың Польшаға жоспарланған сапары кейінге қалдырылған. Ақ үй басшысы журналистерге сұхбатында: «Польшаға кейін баратын болдым. АҚШ пен Польшаның қарым-қатынасы өте жақсы. Жақында Ангела Меркель Германияға шақырды. Алдағы күндері сапар уақыты белгілі болады», – деді. 

Дональд Трамп 1-2 қыркүйек аралығында Польшаға маңызды іссапармен баруы тиіс еді. Мәліметтер бойынша, 1 қыркүйекте Трамп Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толуына байланысты өтетін шараға қатысуы керек болған. 

Ал 2 қыркүйекте Польша басшыларымен қауіпсіздік, экономика және энергетика саласында келіссөздер жоспарланған. Осыған дейін Құрама Штаттарға дауылды ескертуден кейін де Трамп өзінің Польшаға сапарын уақытша тоқтатқан. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

31 тамыз 2019, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.