Атырау, 24 қараша 08:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Дина» базарындағы жабық сауда нүктелері өртенді

Толықтырылды Сурет Бейнежазба
5 688 просмотра


Бүгін, 30 тамызда Атыраудағы ең үлкен сауда орны - «Дина» базары отқа оранды. Қазіргі уақытта құрылыс материалдарын сататын 6 бутик өртеніп жатыр.

- «101» пультіне дабыл сағат 17:48-де түсті. Құрылыс секторы өртеніп жатыр. Өрт аумағы шамамен 400 м2. Оны жоюға 35-тен каса қызметкер және 11 бірлік ТЖД, «Дина» базарының, «АМӨЗ» ЖШС, «Қарабатан» ЖШС және «Атырау» халықаралық әуежайының техникалары жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі. Адамдар эвакуацияланды, базар периметрін полиция қоршауға алды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы базардың осы құрылыс тауарлары бөлігі қайта салынып, бутиктер жаңартылған еді.

Қазір оқиға орнына Атырау облысы әкімінің орынбасары Айбек Крамбаев келді.

Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ержановтан алынған соңғы ақпаратқа сәйкес, базардағы өрт ауыздықталған.

Атырау облыстық ТЖД-нен ақпарат

30 тамызда сағат 17-48 (жергілікті уақыт) Атырау қ., Сатыбалдиев көшесі 95, «Дина» базары, құрылыс материалдарын сататын 8 бутикте өрт болды. Өрт аумағы 440 шаршы метрді құрады (жалпы ауданы 440 м2, салынған жылы 2016 жыл, III дәрежелі отқа төзімді). Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Эвакуация жасалмады. Өрт сағат 19.23-те (жергілікті уақыт) ауыздықталып, сағат 19.58 -де (жергілікті уақыт) сөндірілді. Өрттің тұтану себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге 72 қызметкер мен 25 техника жұмылдырылды. Оның ішінде: ТЖД (37 жұмысшы мен 11 техника), ОСО (3 жұмысшы мен 1 техника), «Дина» ЖШС (3 жұмысшы мен 2 техника), «АМӨЗ» ЖШС (3 қызметкер мен 1 техника), NCOC N.V. Қарабатан (4 жұмысшы мен 1 техника), ATMA Әуежай (3 жұмысшы мен 1 техника), Семсер «Өрт сөндіруші»  (3 жұмысшы мен 1 техника), СКЭӘБ (4 қызметкер мен 1 техника), ПД (12 қызеткер мен 6 техника).

Өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Оған Департамент басшысы, азаматтық қорғау полковнигі С. Өмірзахов басшылық етті.

Дер кезінде өрт сөндіру әрекеттерінің арқасында өрттің көрші бутиктерге таралуына жол берілмеді.

Бұдан басқа, облыс әкімінің орынбасары А.Крамбаев, Атырау қаласының әкімі Ә. Құттымұратұлы, ІІД бастығы Х. Үмбетқалиев қатысты.

Тонау фактілерінің алдын алу үшін жергілікті полиция қызметкерлерінің күшімен (11 адам) және Ұлттық ұлан сарбаздарының күшімен (40 адам) кәсіпкерлердің материалдық құндылықтарын қорғау үшін күзет қойылды. Бутиктер 2016 жылы салынған, отқа төзімділік дәрежесі - III.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі





Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны түсірген автор

Куәгерлер жолдаған суреттер мен бейнежазбалар

30 тамыз 2019, 20:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.