Атырау, 24 қараша 08:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Youtube-тегі бейнежазбадан кейін полиция жол ережесін өздері бұзып жүргенін байқады

Сурет Бейнежазба
5 514 просмотра


«Тоқтауға тыйым салынған» және «Тұраққа тыйым салынған» деген белгілерге қарамастан өз жеке көліктерін Ә.Молдағұлова көшесінің бойындағы қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының алдына қоятын Атырау полицейлері туралы "АЖ" әлденеше рет жазған еді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қала тұрғындарына қолайсыздық тудырып, көліктерін «Идеал» супермаркетінің автотұрағына, Сарыарқа ықшамауданындағы №40 тұрғын үйдің ауласында, Құлманов көшесінің жол бойына қалдырып кететін. Жақында ҚПБ жанындағы кейбір тыйым салу белгілері ғайып болғанын байқадық: сөйтсек, әйгілі шымкенттік блогер, «тәртіп бұзушы полицейлерді аңдитын» Руслан ЖАНПЕЙІСОВ Атырауға келіп, әлеуметтік желілерге бейнежазбалар салған екен.

- Иә, біз де сол бейнежазбаны көріп, өз көліктерін рұқсат етілмеген жерде қалдырған Атырау қаласының үш полиция қызметкеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабы (көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзу) бойынша хаттама жасалды, - деп хабарлады Атырау облысының Полиция департаменті. – Бұдан басқа, оларға қатысты қызметтік тексеру басталды.

- Бейнежазбада блогердің «102» пультіне қоңырау шалғаны, бірақ ешкім тұтқаны көтермеген сәт те түсіп қалған.

- Біз мұны да талқыладық. Ал жалпы, апта соңында ЖПҚ қызметкерлерінің жеке құрамына арналған сабақтар үнемі өткізіліп тұрады, онда YouTube-тегі бейнежазбалар мен қызметкерлердің әрекеттері талданады.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

30 тамыз 2019, 20:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.