Атырау, 20 сәуір 00:01
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бішкектегі сот Текебаев пен Чотоновты түрмеден үйқамаққа ауыстырды

2 409 просмотра


29 тамызда Бішкектегі Первомайский аудандық соты "Ата-Мекен" партиясының лидері Омурбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дойшонкул Чотоновты түрмеден үйқамаққа шығару туралы шешім қабылдады.

Отырыс өтіп жатқанда сот ғимаратының сыртына Текебаевтың туысқандары мен жақындары жиналып, "Текебаевқа бостандық!" деген плакат ұстап тұрды. Олар Текебаев пен Чотонов түбі ақталып шығады деп үміттенетіндерін айтты.

Қырғызстан жоғарғы соты 21 тамызда Текебаев пен Чотоновтың ісінде "жаңа деректер анықталғандықтан" қайта қарауға жіберген.

"Ата-Мекен" партиясының лидері, Қырғызстан парламентінің экс-спикері, бірнеше мәрте парламент депутаты болып сайланған Омурбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов "2010 жылы "Мегаком" компаниясы акцияларын сатып алуға болысу үшін Ресей азаматы Леонид Маевскийден 1 миллион доллар алған" деген күдікпен 2017 жылғы ақпанда ұсталған. Сол жылы тамызда сот екеуін сегіз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. 

Текебаев пен Чотонов өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды. Олар елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың пәрменімен саяси қудалауға ұшырағаны туралы мәлімдеген. Текебаевтың жақтастары Атамбаевтың тұсындағы билік оны президент сайлауына қатыстырмас үшін қудалады деп санайды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 тамыз 2019, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.