Атырау, 27 қараша 11:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ Украинаға әскери көмек беру шешімін қайта қарайды

2 655 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп биыл әскери бюджет көлемі $250 млн болып бекітілгеннен кейін, Украинадағы әскери көмекті қайта қарау туралы бұйрық берді. 

Politico мәліметі бойынша, Трамп Киевке бөлінген қаржының Америка мүддесі тұрғысынан пайдаланылатынына көз жеткізгісі келеді. Қаржы құрылымына тексеріс жүргізушілердің арасында АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспер мен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтон бар. Қайта қарау кезінде қаражат уақытша бұғатталатын болады. АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының қаржы бөлу жөніндегі комитеті: «Президент шешімінен кейін түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. себебі, осы маңызды қадамға деген қорқыныш басым. Біздің тарап бұл ресурстардың тексерілуі мен кідіруіне байланысты әкімшілікке жедел түрде сұраныс жібереді», – деді. АҚШ Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Уашингтоннан Киевке 2014 жылдан бастап көрсетілген әскери көмек көлемі $1,5 млрд-қа жеткен. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

29 тамыз 2019, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.