Атырау, 27 қараша 11:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ташкент милициясы ұсталғандарды сақалын қыруға мәжбүрлемегенін айтады

2 286 просмотра


Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы қаладағы базардан ұсталған "ондаған ер адамды милиция бөлімшесінде сақалын қыруға мәжбүрледі" деген мәліметті жоққа шығарды.

Қалалық басқарма өкілдерінің айтуынша, базардағы ұрланған гаджеттер саудасына байланысты өткен аптада шұғыл-іздестіру шарасы өткен. 27 тамыз кешке тараған басқарма хабарламасында "ешкімді еркінен тыс сақалын қыруға мәжбүрлеген жоқ және мәжбүрлемейді де" деп жазылған. Басқарма өкілдерінің жазуынша, рейд барысында ұсталғандар арасында сақалы бар адамдар болған, бірақ оларға биометрикалық төлқұжаттағы суретке сай өздерін ретке келтіруге кеңес берілген.

Ташкент милициясының хабарлауынша, қоғамдық орындарға орнатылған бақылау камералары іздеуде жүрген адамдардың биометрикалық деректері бар базаға қосылған және базадағы суреттерде әдетте адамдардың көзілдірігі, бас киімі және сақалы болмайды.

"Жекелеген азаматтарға биометрикалық төлқұжаттағы суретке сай өздерін ретке келтіруге кеңес берілді. Барлығы-дерлік бұған түсіністікпен қарады" делінген баспасөз хабарламасында.

Хабарламада өткен аптада болған рейдтің діни астары жоғы айтылады. Бұған дейін Ташкенттегі "Малика" базарында рейд кезінде ұсталған кейбір ер адамдар өздерін милиция бөлімшесіне апарғаннан кейін сақалын қыруға мәжбүрледі деп шағымданған еді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 тамыз 2019, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.