Атырау, 15 желтоқсан 18:08
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Өзбекстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды

2 530 рет қаралды


Өзбекстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды. Тамыз айының 27-і күні Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтың Қытайға жасаған ресми іссапары барысында Иновация және сыртқы сауда министрлігі мен СІТІС корпарациясы негізгі капиталы 1 миллиард долларды құрайтын бірлескен инвестициялық қор құруға уағдаласты. 

Алдын ала болжам бойынша, қор қаржысының негізгі бөлігі Өзбекстандағы мұнай-газ, химия өндірісі салаларына бағытталмақ. 2016 жылдың желтоқсан айында «Kazah Invest» компаниясы мен «Жібек Жолы» қоры бірлесіп Қазақ-Қытай инвестициялық қорын құрған. Оның бастапқы капиталы 2 миллиард доллар болған. 

Бұдан бөлек Қазақ-Қытай қоры Астана халықаралық қаржы орталығының 5 пайыз акциясын сатып алған. Қыркүйек айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай еліне ресми іссапармен барады. Әзірге іссапар барысында қай бағытта келіссөздер жүргізілетіні белгісіз. Кеше мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдап, аталмыш іссапарға байланысты пікір алмасты. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

29 тамыз 2019, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.