Атырау, 27 қараша 11:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Малайзияның бұрынғы премьер-министрі сотталып жатыр

2 472 просмотра


Малайзияның Жоғарғы сотында  елдің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың соты болып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bernama басылымына сілтеме жасап.

Оған 1Malaysia Development Berhad (1MDB) мемлекеттік инвестиция қорынан 546 млн АҚШ долларынан астам қаржы жымқырды деген айып тағылды.  Бірақ оған тағылған айып осымен бітпей отыр. 

Сот Разакқа жалпы төрт түрлі айып тағып отыр, бұдан бөлек, жымқырған осы ақшасын пайдалана отырып, 21 жерден ақша жымқырды деген күдік тағы бар. Мемлекеттік айыптаушылар Наджиб Разак 2011 жылдың 11 ақпанынан 2014 жылдың 19 желтоқсанына дейін AmIslamic Bank банкінің бөлімшесінде заңға қайшы әрекеттер жасады дегенді алға тартады. Егер 66 жастағы бұрынғы премьердің кінәсі дәлелденсе, 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Дереккөз: Inform.kz

28 тамыз 2019, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.