Атырау, 24 қараша 09:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Облыстық мәслихат сессиясы: есірткі сайттары, мұқтаждарға арналған сертификаттар және Білге қаған туралы

4 543 просмотра


27 тамызда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес нәтижелері туралы баяндады.


«ЕСІРТКІ САЙТТАРЫ» САҢЫРАУҚҰЛАҚТАЙ ҚАПТАДЫ

2018 жылы 143 құқық бұзушылық тіркеліп, заңсыз айналымнан 60 келіден астам есірткі тәркіленді: марихуана - 58 келі 711 грамм, гашиш - 583 грамм, апиын - 21 грамм.

Ал 2019 жыл басынан бері шамамен 9 келі есірткі заттары тәркіленді: марихуана - 7 келі 374 грамм, апиын - 20 грамм.

Егер 2018 жылы есірткі жарнамалайтын 69 сайт анықталып, қызметіне тыйым салынса, 2019 жылдың 7 айында осындай 72 сайт жабылды.


МҰҚТАЖДАРҒА АРНАЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы бұйрығымен бекітілген тұрғын үй сертификаттарын беру ережелері туралы баяндама жасады.

ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама аясында азаматтардың тұрғын үй заемын пайдалану арқылы тұрғын үйге меншік құқығын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган бюджеттік несие түрінде әлеуметтік көмек немесе қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын ұсынады.

Тұрғын үй сертификатының мөлшері әр алушы үшін 1 миллион теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде анықталады. Алушылар - көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер және бюджет саласының қызметкерлері.

Егер отбасының әрбір мүшесі үшін соңғы 6 айдағы орташа кіріс айына ең төменгі жалақының бір көрсеткішінен (мемлекеттік жәрдемақыларды қоспағанда) аспайтын болса, қайтарымсыз әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаты беріледі. Егер белгіленген шекті мәннен асып кетсе, тұрғын үй сертификаты белгілі бір уақытта қайтарылатын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ретінде беріледі. Тұрғын үй сертификатын алу үшін келесі құжаттар қажет:

осы Қағидалар қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа сәйкестендіру үшін ұсынылады);

соңғы 6 айдағы кірістер туралы анықтама;

жұмыс орнынан анықтама (кезектегілерді қоспағанда);

өтініш берушіге бірінші дәрежелі тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық тұрғын үй заемын бергенін растайтын екінші деңгейлі банктің хаты, онда бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері туралы мәлімет болады.

Өтініш беруші құжаттарын алып, бағдарлама әкімшісіне жүгінеді.


БІЛГЕ ҚАҒАН МЕН ТОНЫКӨКТІ ЕСКЕ АЛДЫ

Қала әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ Атырау қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы баяндама жасады:

Сарықамыс-2 ықшамауданындағы №1 көше - Ғибатолла Абдолов көшесіне, №2 - Исламғали Баймұқашев көшесіне; Балықшы ықшам ауданында Мұса Баймұханов өткелі - Білге қаған өткеліне, Дина Нұрпейісова - Тоныкөк өткеліне, Жұмекен Нәжімеденов көшесі - Алтын Орда көшесіне және Наурыз өткелі - Сығанақ өткеліне ауыстырылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 тамыз 2019, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.