Атырау, 27 қараша 11:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​​Ресей АҚШ сенаторы Крис Мерфиге виза беруден бас тартқан

2 539 просмотра

АҚШ сенаторы Крис Мерфи

Ресейге АҚШ конгресі делегациясы құрамында бармақшы болған АҚШ сенаторы Крис Мерфиге Мәскеу виза беруден бас тартқан. Бұл туралы сенатор Мерфи мәлімдеме таратты.

"Өкінішке қарай, Ресей билігі соңғы айларда біздің және тағы бірнеше елдің өкілдерінің баруына тосқауыл қойып, өз елін оқшаулау саясатын жалғастырып отыр" деген Мерфи. Ол Кремльді сынағанын, алайда екі ел арасында диалогты жалғастыруды маңызды деп санайтынын айтқан. Сенаттағы демократтар өкілі Мерфи бұған дейін өткен жылы қарашада Ресей шекарашылары Керчь бұғазында украиналық кемелерді басып алып, теңізшілерді тұтқындаған кезде Мәскеуді айыптаған.

Бұған дейін АҚШ-тың тағы бір сенаторы, республикалық партия өкілі Рон Джонсон Мәскеу оның Ресейге кіруіне тыйым салғаны туралы хабарлаған. Ол мұны Ресей президенті Владимир Путинді сынаған мәлімдемелерімен байланыстырған.

Ресей сыртқы істер министрлігі Вашингтонның кейбір ресейлік ресми тұлғаларға салған санкциясына жауап ретінде АҚШ сенаторы да "қара тізімге" енгізілді деп түсіндірген. СІМ "Джонсон бұл туралы білетін, ол виза алуға өтініш бермеген" дейді.

Дереккөз: Азаттық радиосы


28 тамыз 2019, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.