Атырауда құрылыс компаниясы қаптауға арналған алюминий 2460 кронштейннің ұрлануына байланысты бизнес ғимаратының құрылысын тоқтата тұруға мәжбүр болды. Құрылысшылардың наразылығында сөз жоқ.
- Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрлық жасаған 1990 және 1992 жылғы екі ер адамды ұстады. Олар қамауға алынды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Ұрланған кронштейндердің бір бөлігі түсті металл сынықтарын қабылдау пункттерінен табылды. Бұл жерде түсті металл қабылдаушылардың жауапкершілігі туралы мәселе туындайды. Түсті металлдарды құжаттарсыз қабылдауға болмайды деп оларға әлденеше рет ескертілген еді.
188-баптың 3-тармағы (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасуда.
Фархат ӘБІЛОВ
ПД баспасөз қызметі ұсынған суреттер